Кино жаңалықтары - 28 ақпан 2012

ЛОС АНДЖЕЛЕС. Кино жүлделерінің Оскары болып саналатын Оскар жүлдесінің марапаттау салтанатты шарасы өтті.

АСТАНА. "Ұлттық құндылықтар" қоғамдық бірлестігінің басшысы Ақал Теке Ермек Тұрсыновтың жаңа фильмін көрмегендерін, бірақ сынауға дайын екендерін мәлімдеді.

АЛМАТЫ. Кинорежиссер Рақышевтың достарының көбі оның режиссер екенін білмейді екен. Талантты режиссердің не үшін бүгінге дейін жасырып келгені белгісіз.

АСТАНА. Қазақ кинематографиясына ауыр соққы! «Жетімдер» фильмі енді сериал болып шықпақ, ал «Айша» сериалы жеке фильм болып түсірілмекші.

ҚЫЗЫЛОРДА. «Сыр ақшамы» газетінің тілшісі Эльмира Қуанышқали інісінің ескертулерін елемей, кино тақырыбындағы мақалаларының астына өзін әлі де кинолог деп жазып жүр.

ШЫМКЕНТ. «Көшпенділер» фильмінің фанаттарына «Көшпенділердің кітабы шықты» деп Есенберлиннің романдарын сатып жүрген алаяқ ұсталды. Еш жерде жұмыс істемейтін 28 жасар алаяқтың үйінен тағы бірнеше кітаптар табылды. Қазір ол кітаптардың қай фильмдерге тиесілі екені анықталуда.
Әрі қарай

Менің күнәлі періштем – классикалық қазақ киносы



Түсіндірме сөздікте «классикалық» сөзінің бір мағынасы ретінде «бір үлгідегі», «әлдебір дүниеге тән құбылыс» деген сипаттамалар келтіріліпті. Осы уақытқа дейін шыққан қазақ фильмдерінің ортақ қасиеттерінің басын қоссақ, «классикалық қазақ киносының» бет-бейнесін шығаруға болады деп ойлаймын.
Әрі қарай

Алдар көсе шұлғаусыз етік киіп, "Қара жорға" билейді

Осы жылдың сәуір айында фестивальдық көрсетілімі болып өткен, бірақ комиссиялық тексерістерден енді өтіп, көрермен назарына ұсынылып отырған «ХХІ ғасырда Алдар көсенің бастан кешкендері» атты фильмнің алдын ала көрсетілімі бүгін болды. Фильм прокатта бір аптадан екі аптаға дейін ғана жүреді екен. Яғни, жұрт көп барса (жалпы, барса) екі апта, бармай қойса, бір-ақ апта. Және жұрттың барған-бармағаны фильмнің жалғасы түрілетін-түсірілмейтінін де шешеді.
Әрі қарай

Киностан һәм блогшылар. Минибар



Сонымен… сайт ашылды. Киностан дейтін. Оу баста бірімізде әуесқой сайт, бірімізде блог ретінде күн кешкен идея енші алып, жеке шықты. Болашақта, Құдайым жазса, кем дегенде жиырма қабат болар ғимараттың қазықтары қағылды, іргетасы қаланды, алғашқы кесектері құйылды (стройбригаданың бастығы — @blackbeard).
Әрі қарай

"Ликвидатордың" диагнозы - лағу

Тақырыптағы етістіктің тура да ауыспалы мағынасында айтарым осы. Иә, Сатаевтың соны туындысы қазақ киносының қалыбын жаңаша құяды. Бұрын-соңды болмаған беталыс әкеліп, “боебой” рухты бөпелеп тастайды… Сонда да, Сатаевтың осы кезге дейінгі кинографиясында маған бұл өтпелі, өткінші дүниедей көрінеді де тұрады. Сонымен, несі ұнамайды дейсіз ғой?
1) “Жақсы тақырып – жарты мақала“.
Әрі қарай

Қазақ киносынан шертілген бір тамшы ой немесе аянышқа толы махаббат дастаны...

Стивендер мен Джеймстерді шаң қаптыратын қазақтың қарадомалақ режиссері қашан туылады (немесе шығады) екен.
Сағат таңғы 6:04… aktobe88 сайтта отыр…

Бүгін 2 жарым сағат уақытымды бөліп, "Қыз Жібек" көркем фильмін тағы да қарап шықтым. Шіркін, не деген фильм десеңізші?! 70-інші жылдарда түсірілген көркем фильм болғанымен, сол бір кезеңдегі қазақ сақарасының бүгіні мен ертеңін бір-бірімен ұштастырып жатқандай…
Әрі қарай

«Сказ о розовой ЛОШАДИ”. Қоян жылқы болған кез…

Жоқ-жоқ, мен дұрыс жаздым, Сіздің де көзіңіз дұрыс көреді. “Все про кино” сайтының хабарлауынша, “Сказ о розовом зайце” атты туынды түсіріп, ел-жұртты алашапқын жасаған (жақсы мағынада) Фархат Шәріпов енді “Сказ о розовой лошади” атты жаңа фильмге білек сыбанып кіріспекші.
Әрі қарай

"Ғашық жүрек – 2" сөреден шықты…


«Время» газетінің хабарлауынша, "Ғашық жүрек немесе коктейль для звезды" фильмі өз шығындарын өтеп қана қоймай, таза табыс әкелген тұңғыш қазақстандық туынды екен. Құлағымыздың естігені бас продюссері Баян Есентаева болған фильм жайлы үлкен-кішінің әңгімесі мен көзіміздің көргені кассадағы ұзын-сонар кезек болған соң, көңіліміз әлгі ақпаратқа сенді. 
Әрі қарай

Тюльпан

Блог - qisyq: Тюльпан

— Прінс әфрікандық па?
— Американский, ата.
— Мақұл, мақұл, мақұл… ТҮЛПӘӘН!

Фильмнен


“Тюльпан” фильмі – үйге “Адасқандардың” артынан келген кино. Сол баяғы екі жыл бұрын елдің емешегі езіліп көріп алған, ал мен көре алмай қалған, жұрттың аузында жүрген отандық фильмдердің бірі. Қарадым. Ой қорыттым. Енді Сіздерге арнап ревью жазып отырмын (Алда, айналайын-ай деп көзіңізді бір шылап аласыз осы жерде).
Әрі қарай